17 қараша –халықаралық шала туған балалар күні.
Қазақта шала туылғандарды «Шалабай» деп ерекше қадірлеген. Мезгілінен бұрын дүние есігін ашқан сәбилердің күтімі де ерекше. Оларды неонатологтан басқа, көз дәрігері, хирург бақылайды. Жұдырықтай бала салмақ қосып, өздігінен емгенше перзентханада жатады. 2 айдан 6 айға дейін жатуы мүмкін.Неонатологтар да, гинекологтар да жүктілікті жоспарлау керектігін айтып, дабыл қағуда. Дәрігерлер әйелдердің жүктілік кезінде ғана тексеріле бастайтынын айтып қапалы. 100 пайыз дені сау адам жоқ. Сондықтан әр қыз-келіншек тұрмыс құрып, сәби көтермес бұрын толықтай дигностикадан өтіп, емделгені жөн. Себебі кішкентай бір инфекцияның өзі жатырдағы балаға зияны көп.Шала туылған сәбилердің терісі жұқа, өздері тым арық әрі әлсіз келеді. Құмарлана емуге де шамасы келмейді. Ақтөбеде жыл басынан бері 600 сәби мерзімінен бұрын дүниеге келген. Жүктілік кезінде әйел стресс алғандықтан болса, екіншісінде инфекция анықталып жатады,-дейді дәрігерлер. Әйтсе де, сақтықта қорлық жоқ. Баланы жлспарлау маңызды.Қазақ халқында шала туылған сәбиді айы-күні жеткенінше тымаққа салып, жоғарыға іліп қойған. Тымақтың іші жылы, құйтақандай ғана балаға жайлы болса керек.Ал облыстық перинаталдық орталықта арнайы инкубаторлар бар. Бала жасанды тыныс алып, зонд арқылы тамақтанады.
Количество показов: 445
Дата создания: 17.11.2023 22:55:57