16 жастағы жасөспірім екі шақырым жердегі мектепке жаяу қатынап жүр
Заречный-1 ауылының тұрғыны, 16 жастағы бозбала Геннадий Колошеин күн сайын мектепке дейінгі 2 жарым шақырым жолды жаяу өткеріп жүр. Оның автобуспен қатынауға ақшасы жоқ. Өйткені, ішкілікке құмар анасы жұмыссыз. Тұрмысы төмен отбасыны инспекторлар облыста бүгін басталған "Тұрмыс" жедел-алдын-алу шарасы кезінде анықтады. Гена анасы және әжесімен бірге аумағы 12 шаршы метр болатын мына лашықта тұрады. Үш адам осы бір бөлмеде тамақтанып, ұйықтайды. Үйде екі әйел жаны бар деп айта алмайсың. Киім-кешек, төсек-көрпе, ыдыс-аяқ араласып жатыр мұнда. Жасы 34-тегі, қол-аяғы сау әйел, Генаның анасы Мария тазалықтан жұрдай. Ішімдік есін алған ересектердің тауқыметі балаға тиіп отыр. Заречный-1 ауылында тұратын Гена расында да үйден мектепке, мектептен үйге дейінгі 5 шақырым жолды жаяу өткеріп жүр. Акация аялдамасы маңындағы №22 мектепте оқитын ол сабаққа уақытында жету үшін таңғы сағат алтыда үйден шығады. Геннадий Колошеиннің жағдайына кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жасөспірімнің мектебіндегі мұғалімдерінен қанық болған. Сабақты үшке оқыса да, баланың бұзақылық мінезі жоқ, дейді кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Салтанат Әшімбаева. Бүгін жасөспірімнің тұрмыс жағдайын өз көздерімен көрген инспекторлар оған қандай көмек көрсетуге болатынын жоспарлады. Алдымен, Генаның анасына ескерту жасалды. Салтанат Әшімбаеваның айтуынша, қазір біздің қалада тұрмысы төмен 300-ден астам жанұя бар. "Тұрмыс" жедел-алдын алу шарасының алғашқы күнінде инспекторлар осындай екі отбасыға тап болған. |
Количество показов: 2552
Дата создания: 24.01.2013 19:29:05