14- қараша дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні.
Бүгін 14 қараша дүниежүзілік қант диабетімен күресу күні. Әлемде 550 млн аса адам қант диабетімен ауырады. Оның факторлары әр түрлі, дейді дәрігерлер. Экология өзгерді, дұрыс тамақтанбау,оған стрессті қосыңыз. Алкаголь мен темекі де кері әсерін тигізеді. Осы ғасыр дертін азайту мақсатында жыл сайын дәл осы күні қант диабетіне қарсы түрлі шаралар өткізіледі. Бүгін Қазпошта ғимаратында ашық есік күні өтті. Оған қаладағы №4 және №6 емханалардың дәрігерлері атсалысты. Тұрғындардың қан құрамындағы қант мөлшерін анықтап, кеңестерін берді.Шараның мақсаты- қант диабеті мен оның асқынуынан туындайтын өзекті мәселелерге жұрттың назарын аудару, халықты өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақыру, қант диабетін ерте анықтау және алдын алу.
"Қазпошта" филиалына келген кез-келген тұрғын өз қан қысымын тексертіп, дәрігерден кеңес алды. Қант диабеті анықталған жағдайда бірден тұрғылықты жері бойынша қаралатын емханаға жіберілді. Шара түске дейін жалғасты. Осы аралықта 80 адам өз денсаулығын тексертіп үлгерді.Қант диабеті білінбейтін ауру дейді мамандар. Аурудың алдын алу үшін жыл сайын қан тапсырып, тексеріліп тұру қажет. Ал қант диабетін болдырмаудың алдын алу үшін дұрыс тамақтанып, дене шынықтырумен айналысып, темекі мен алкогольдан бас тартқан жөн. Диабет 45 жастан асқандарда жиі кездеседі. Сондықтан жыл сайын міндетті скринингтен өтіп тұру шарт,-дейді дәрігерлер. Қаншалықты аурудың алдын алсаңыз, соншалықты емін де ерте бастап, денсаулықты ертерек қалпына келтіруге болады.
Количество показов: 362
Дата создания: 13.11.2023 23:22:56