117 жыл болған үй құлағалы тұр
Әйтеке би көшесінің бойындағы №97 үй тұрғындарының тынышы қашты. Іргетасы қаланғанына 117 жыл толған бұл үйдің қабырғалары қақырап, әбден құлағалы тұр. Жергілікті билікке деген өкпелері қара қазандай мына жұрт қыс бойы жандарын шүберекке түйіп, апатты үйде күнелтсе, жаз шыға далада түнеуге мәжбүр. Көк аспанның астында көсіліп жату - жұлдыз санағылары келгеннен емес. Құлағалы тұрған қабырғаның астында қаламыз ба деп қорқады. Басындағы баспаналарының жай-күйін айтып талай мәрте атқамінерлердің алдына да барған. Алайда атқарушы билік 15 жылдан бері апатты деп танылған бұл үйге қатысты әзірге нақты іс тындырмай отыр. Шыдамдары шегіне жеткен тұрғындар қала әкімі Ерхан Омаровтың алдына да барыпты. ШаҺар басшысы шаруаларыңызды шешіп беремін деп те уәде еткен. Алайда әзір емес. Осылайша қала басшысы баспананы жазда бермекші. Ал тұрғындар болса жазға жетеміз ба, жетпейміз ба, әлде құлағалы тұрған қабырғаның астында қалып бақилық болып кетеміз ба деп қорқады. Оның үстіне жағып отырған пештерінен өрт шығып, басындағы баспаналары жақында қызыл жалынға да оранған. |
Количество показов: 2192
Дата создания: 31.01.2013 18:58:49