110 металлургке жеңілдетілген шартпен баспана берілмек.
ERG компаниясы жұмысшыларына барынша қолайлы жағдай жасамақ. Әлеуметтік пакеттен бөлек, компания баспанаға мұқтаж қызметкерлеріне қолдау көрсетуде. Бүгін облыс әкімдігі, Отбасы банк өкілі мен ERG компаниясының басшылығы үш жақты меморандумға қол қойды. Маңызды құжат аясында компания қызметкерлерін баспанамен қамтуы тиіс. Зауыт жұмысшылары "Отбасы банкінен" жеңілдетілген 5 % займ алатын болады. Ал бастапқы жарна мөлшері үйдің 10 % құрайды. Бұл басшылық тарапынан кәсіби біліктілігі жоғары жұмысшыларға жасалып жатқан сыйлық.Келісімшарт негізінде бағдарламаға 700 млн теңгеден 2,1 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл қаражатқа 110 отбасы баспаналы болуы тиіс. Зауыт қызметкерлері арасында баспана кезегінде тұрғандар да бар. Алдымен үйге мұқтаж жандарға басымдылық берілмек. Металлургтер Ақтөбеде бастапқы немесе екінші нарықтағы пәтерлерді өздері таңдайтын болады. Жалпы зауыт бойынша 250 адам үй кезегінде тұр.
Іріктеуден өткендер 10 пайыздық жарнаны алған соң, "Отбасы банк" оларға 5 пайызбен займ береді. Займның максималды көлемі 20 млн теңге. Алайда, бағдарламаға қатысушы одан да қымбат пәтер алғысы келсе, қалғанын жеке қаражаты немесе зейнетақы жарнасынан артылған салымын пайдалана алады. ERG компаниясы 14 жылдың ішінде 2000 отбасыға үй беріп үлгерген. Кезекті бағдарлама да, пәтер қиындығын көріп жүрген бірнеше отбасыға қуаныш сыйлайтыны сөзсіз.
Количество показов: 422
Дата создания: 15.11.2023 00:41:35