1 - ші қаңтардан бастап елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қою міндеттеледі.
Себебі, мұндай көліктер азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін. Бұл қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолға алынайын деп отырған маңызды шара. Қала тұрғындары да жаңадан қолданысқа енгізілетін заңнамаға қарсы емес екендерін білдірді.Елімізде қоғам қауіпсіздігі басты назарда. Осыған орай түрлі салада қатаң тәртіптер орнатылып жатыр. 1 - ші қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі жабыстыру міндеттеледі. Заңға бағынбаған көлік жүргізушілері айыппұл төлейді.
Бұдан бөлек 1 - ші қаңтардан бастап газ құнының бағасы 5 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Сондай - ақ, әр жарты жыл сайын 5 теңгеге газ бағасы өсіп тұратын болады. Қазір қаламызда газдың бір литрінің бағасы 54 теңгені құрайды. Облыста газ қоры жеткілікті.
Елімізде 380 мыңнан астам көлік газбен жүреді. Егер, заң күшіне еңген соң газбен жүретін автокөліктерге арнайы белгі жапсырылмаса, жүргізуші 3 АЕК көлемінде айыппұл арқалайтын болады.
Количество показов: 314
Дата создания: 30.11.2023 01:53:21