"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
20-30 қараша аралығында Көліктегі полиция департаментінің Ақтөбе станциясы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсетілетін аймағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Жедел алдын алу іс шарасы кезінде 130 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Барлық деректер бойынша іс сотқа жіберілді."Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Ақтөбе станциясындағы желілік полиция темір жол ұйымдарының қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстың алды алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тексеріс шаралары жүргізіп жатыр. Жедел алдын алу іс шарасы кезінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Ұсақ бұзақылық бойынша -1 адам, адамның денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін-1 адам, мас күйінде -20 адам, қоғамдық орынды ластау деректері бойынша 19 адам жауапқа тартылды. Сонымен қатар суық қару ұстағаны үшін 4 адам ұсталды. Жалпы 130 азамат әкімшілік жауақа тартылып, аталған фактілер бойынша барлық тіркелген істер сотқа жіберілді."Құқықтық тәртіп" іс -шарасы қылмыстың алдын алуға , қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көшелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықты азайтуға септігін тигізді. Түнгі уақытта кәмелетке толмаған балалардың ата-анасы шақырылып, хаттамалар толтырылды. Жедел алдын алу іс шарасының бүгін соңғы күні.Количество показов: 321
Дата создания: 01.12.2023 01:01:14