Құтқарушылар қысқа дайын ба?
Боранды күндері алыс сапарға шықпаған жөн. Көлігіңіз қар құрсауында қалып қоюы мүмкін. Үсік шалу деректері де жоқ емес. Ал жер үй тұрғындарына әсіресе сақ болған жөн. Жылу пештерін үнемі тексертіп, ақау болған жағдайда жөндету шарт. Өйткені пешпен отырған жер үйлерде өрт көп болады. Бұл қарапайым қауіпсіздік ережелері. Бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қысқа дайындықтарын пысықтады. "ҚазАвтоЖол" мекемесі де қысқа сақадай сай болуы тиіс. Ең алдымен арнайы техника дайын тұруы керек. Алдағы қыста қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін қолда 47 техника бар екендігін тілге тиек етті. Қосымша 16 техниканы жалға алған. Мұның өзі аздық етуі мүмкін. Мамандар, қыста ауа райы мәліметтеріне мән беріп отыруға шақырады. Сапарға шықсаңыз, өзіңізбен бірге артық киім алыңыз.Мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері тағы бар. Мәселен, ауа температурасы құбылмалы болуы кезінде, түн мезгілінде мұз айдынына шығуға тыйым салынады. Алкогольді ішімдік тұтыну – мұз үстіндегі қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін. Тағы бір айта кететін жайт, жылыту құрылғыларыңыз, газ бен пешті қолданғанда қауіпсіздік қағидаларын ұмытпаңыз. Сақтансаң, сақтаймын!-деген нақыл сөз де бар.
Количество показов: 284
Дата создания: 14.12.2023 23:07:08