Құс тұмауы кезіндегі шұғыл әрекет пысықталды
№23 Алматы-Ақтөбе пойызы Ақтөбе стансасына жеткен бойда "қауіпті" науқас жатқан вагон тізбектен ажыратылды. Жан-жағын әскерилендірілген темір жол күзетінің мамандары қоршады. Олар сырттан ешкімді кіргізбейді, іштен ешкімді шығармайды. Көп күттірмей, вагонға дәрігерлер жетті. Бұл - консультативтік топ. Ақ халаттылар науқасты бастан-аяқ қарап шықты. Жолаушының қашан, қайда болғаны, кіммен сөйлесіп, не ішіп-жегені сұралды. 26 жастағы әйел Қытайдан іссапардан келе жатқан. Алматы пойызы Шалқар бекетіне жеткенде оның дене қызуы көтеріліп, қалтырап, басы ауырған. Жолсерік дәрі ішкізгенімен, хәлі нашарлай берген. Қандығаш бекетінде науқасты фельдшер қарап, болжаммен "құс тұмауы" диагнозын қойған. Ақтөбелік дәрігерлер бұл диагнозды растады. Дәрігерлер жолаушымен бір купеде болған үш адамды да тексерді. Ешқайсысынан ауру белгілері анықталған жоқ. Ал, "құс тұмауына" күдікті жолаушы жедел жәрдем көлігімен жұқпалы аурулар ауруханасына әкетілді. Вагонды обаға қарсы станса мамандары залалсыздандырды.
Количество показов: 1718
Дата создания: 19.05.2017 19:07:23