Құс шаруашылығы қолдау күтеді.
Өңірде құс өндірісі ақсап тұр. "Рамазан" серіктестігіне қарайтын "Аққұс" фабрикасының өндірісі тоқтап тұр. Себебі белгісіз. Елдегі ахуал да мәз емес. Былтыр ауыл шаруашылығы министрлігі 12 құс фабрикасы жабылғанын хабарлады. Бұған себеп мемлекеттен субсидияның бөлінбеуі. Тауық асырауға қажет шикізаттың қымбаттауы. Сәйкесінше тауық еті мен жұмыртқаның бағасы да күрт өсті. Жергілікті билік өкілдері мәселенің шешілу жолдарын қарап жатқанын айтады. Құс шаруашылығымен айналысатындардың қарасы азайды. Әйтсе де, біз тауықтың пайдасын көріп отырған шаруаны таптық. Евгения Макаревич Алға ауданының тұрғыны. 1000 нан астам құсы бар. Жергілікті билік тарапынан қолдау болса, кәсібін кеңейтуге дайын.Ақтөбеліктер арасында құс етіне деген сұраныс жоғары. Әсіресе әлеуметтік осал топтағылар үшін бұл күнделікті тамақ. Жылқы , сиыр етін сатып алуға барлығының бірдей жағдайы келмейді. Әсіресе көп балалы отбасылар құс етін тұтынамыз, дейді. Дегенмен, бұл өнімнің құны ұшып тұр. Қазір бройлер балапанынының бағасы 2200 теңгеден кем емес. Оның өзі бір реттік жеуге жетеді. Ал тауықтың бір саны 950 теңгеден жоғары.Количество показов: 298
Дата создания: 11.01.2024 00:13:29