Құршасай ауылының тұрғындары жолға жарымай отыр.
Құршасай тұрғын алабында 2 мектеп, 1 емхана және 2 балабақша бар. Алайда, мұндай әлеуметтік орталықтарға жету мұң. Ауыл ішінде жол жоқ. Оқушылар күнде мектепке барар жолда батпаққа батып, киімдерін ластайды. Ал, қарт адамдар болса емханаға жету үшін қиналады. Тұрғындардың айтуынша, бұл жолдарға асфальт түгілі, қиыршық тас та төселмеген.Мәселенің ақ - қарасын білу үшін "Астана" ауданы әкімдігіне хабарластық. Жауапты мамандар бұл мәселе қазір басты назарда екенін айтты. Қазіргі таңда 77 - ші мектептің алдындағы жолдарға тас төселеді. Сондай - ақ, 7 көшенің жолдарына тас төселетін болады деп сендірді, "Астана" ауданы әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов. Ал, асфальт төсеу мәселесіне қалалық ТКШ бөлімінің мамандары жауап беруі тиіс екенін тілге тиек етті.Сондай - ақ, Құршасай ауданына барар жолдың жоқтығынан аймаққа автобустар да сирек қатынайды. Жарық шамдар да көшелерге мүлдем орнатылмаған.
Количество показов: 343
Дата создания: 09.11.2023 00:53:29