Өңірде қызылша өршіп тұр.
Өңірде қызылша дерті өршіп тұр. Қазір 172 адам ауруханада жатыр. Дені балалар. 300 ге жуық науқас амбулаториялық ем қабылдауда. Қызылша инфекциясын жұқтырған 150 бала ауруханаға түскен. Оның 120 сы қалада болса, 30 ы аудандардан. 1 жасқа толмаған сәбилер арасында да аталмыш індетке шалдықандар бар. Қазір 42 бүлдіршін дәрігерлердің жіті бақылауында. Инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы-екпе алу. Індет дұқтырғандар саны күн санап артып отыр. Қоғамдық жерлерге барудың өзі қауіпті, дейді мамандар. Сондықтан, денсаулық сақтау министрлігі бекіткен кестеге сай, тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша тіркелген емханаға барып, вакцина алу керек. Екпеден қорқудың қажеті жоқ. Ғылыми зерттеуден өткен препарат, дейді ақ халаттылар. Қызылша жұқтырған балалардың 70 пайызы вакцина алмаған. Ата-анасы екпеге рұқсат бермеген. Біреуі діни көзқарасын желеу етсе, бірі препаратқа күмән келтіретіндігін айтады, дейді дәрігерлер. Ақтөбеліктердің екпеге көзқарасы қалай?Қызылшаның белгілері тұмау мен жедел респираторлы инфекциясына ұқсайды. Тек науқастың денесі бөртіп кетеді. Тыныс алуы қиындайды. Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет»,дейді мамандар.
Количество показов: 350
Дата создания: 15.12.2023 22:45:31