Өңірде КВИ жұқтыру дерегі көбейді
Облыста былтыр наурыздан бері індетпен ауырғандар саны 14 600-ге жетті. Оның 66 пайызы ауру симптомымен тіркелген. "Ашық" жобасы бойынша 920 бизнес нысан жұмыс жасап тұр. Облыс бойынша 47 мобильдік топ күнделікті рейдтерге тартылған. Бүгінге дейін олар карантин талаптарын бұзудың 465 дерегін анықтап, мемлекетке 58 миллион теңге өндірді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров бойында тұмау белгілері бар науқастың індет пен де ауруы мүмкін екенін айтып, екпе алуға кеңес берді. Соңғы тәулікте өңірде 2 жарым мыңға жуық адам ПТР тест тапсырды. Ал, инфекциялық ауруханаларда 545 науқас жатыр. Бүгінгі күні 12 мыңнан аса науқас жазылып шықты.
Количество показов: 642
Дата создания: 23.07.2021 18:11:34