Өңірдің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті 433,2 млрд теңгені құрайды.
Білім сапасын көтеруде инфрақұрылымды дамыту аса маңызды. Сондықтан сыныптарда оқушылардың саны аз болуға тиіс. Ал өңірімізде үш аусымды мектеп мәселесі әлі шешілген жоқ. Дәретханасы сыртта орналасқан мектептер бар. Алдағы үш жылда мәселе шешілуі тиіс. Себебі, білім саласына бөлініп отырған қаржы қомақты. 219,4 млрд.теңге. Депутаттар білім саласындағы кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарын айтты. Мәселен, Ақтөбеде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жұмыс істейтін балабақшада бұлдіршіндерді ұру, санитарлық талаптарды бұзу деректері анықталды. Сондықтан, бақылауды күшейту керек, дейді халық қалаулылары. Облыстың 200 мемлекеттік, 208 жекеменшік балабақша бар. Онда 44 мыңға жуық бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Бөбектерге жағдай жасап, білім беру мақсатында 31,4 млрд.теңге бөлу көзделіп отыр. 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту алдағы үш жылда 100 пайызды құрауы тиіс. Өңірімізде мүмкіндігі шектелуі балалардың саны 7300 ден асады әрі олардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Ал оңалту орталықтарының саны небәрі 8 ғана. Бұл бағытқа 5,1 млд теңге бөлу жоспарланып отыр. Құрылыс, энергетика, жолдар мен ауыл шаруашылығы, бизнесті дамытуға 73,5 млрд.теңге бөлінеді. Қорғаныс және құқық қорғау органдарына 15,0 млрд.теңге қарастырылған. 8 мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органның резервіне 7,6 млрд.теңге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына 1,4 млрд.теңге бөлінбек. Қаражат 27 бюджет әкімшілерінің өтініміне сәйкес жоспарланды, дейді өңіріміздің бас экономисті.Количество показов: 301
Дата создания: 13.12.2023 23:32:57