Өңірімізде 180 дәрігердің орны бос тұр.
Қарапайым халықтың өз құқығын жете пайдаланбайтындығы жасырын емес. Көп ретте бұл тұрғындардың еліміздің заңдары мен ережелерін білмейтіндігінің салдарынан болады. Денсаулық сақтау саласының бағдарламалары мен ережелерін көпшіліктің біле бермейтіндігін пайдаланып, кейбір емдеу орындары тегін медициналық көмек түрлерінің қолжетімділігін қиындатып жібергені өкінішті-ақ. Дәрігер тапшылығы мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Өңірімізге 180 медицина маманы қажет. Дәрігерлердің жалақысы өсті. Ауылға барам дегендерге үстемақы тағы бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сай, қазір өңірімізде ақ халаттылардың ең аз дегендегі айлығы 200 мың теңге. Ал дәрігерлердің орташа жалақысы 590 мың теңгені құрайды. Әйтсе де, тұрғындар тарапынан медицина қызметінің сапасына сын көп. Дұрыс диагноз қомау немесе науқасты әуе-сарсаңға салып, жүгіртіп қою. Тіпті міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша алып жатқан медициналық көмектің сапасына көңілі толмайтындар көп. Бір маманға кіру үшін әуелң терапевт жағалауың керек. Кейін, бос орын болса ғана бір айдың көлемінде қалаған маманға жазба ашылады. Батыс аймағына ортақ медициналық класстер Ақтөбеде. Заманауи құрылғылар, мықты мамандар да бізде. Көрші Орал, Атырау, Қызылорда облыстарынан ақтөбелік дәрігерлерге тексерілуге келетіндер көп. Медицина саласына қолдау да жоғары. Бюджеттің жартысы осы салаға жұмсалып отыр. Салынып жатқан медициналық мекеме саны да жыл санап артып келеді. Соған қарамастан емханада кезегін күтіп, сапалы медициналық көмекке қолы жетпей отырған ел-жұрттың уәжін ара-тұра еститініміз бар. Саладағы қайшылықтарды басы ауырып, балтыры сыздаған соң дәрігерге жүгінуді ойлаған жұрт сапалы қызмет күтетіні рас. Өйткені, әр тұрғын қазір МӘМС аясында ай сайын жарна аударып отыр.Количество показов: 375
Дата создания: 22.11.2023 01:51:14