"Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы" жедел алдын алу шарасы басталды
Өткен айда облыс аумағында 59 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 адам қайтыс болған. 81 ақтөбелік түрлі дәрежеде жарақат алды. Ал бүгін облыста "Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы" жедел алдын алу шарасы басталды. Апта соңына дейін жол полициясы басқармасының жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады. "Қауіпсіз жол қозғалысы апталығы" жедел алдын алу шарасына жол полициясымен қатар облыстық ІІД өзге де қызметкерлері жұмылдырылған. Апта бойы олар күшейтілген тәртіпте жұмыс жасайды. Жол қозғалысы ережесі жіті бақылауға алынады. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер назарда. Ақтөбеде қазір "көршілік қадағалау" бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Тұрғындар мен полицияның ара қатынасын жақындатуға бағытталған. Ақтөбеліктер қандай да бір күдікті жағдайлар немесе заңсыздыққа куә болып жатса полицияға хабар беруі қажет. |
Количество показов: 2433
Дата создания: 18.02.2013 19:24:30