Ұрпақ жадында жатталар ШЕЖіРЕ
«Эврика» продолжает публикацию отрывков из книги экс-акима Актобе Каиркожи ЕЛЕУСИЗОВА «Екі дәуірдің тоғысында / На стыке двух эпох». Главы книги опубликованы на казахском и русском языках.
Шежіремізді балаларым, жас ұрпақ білсін деп жазып отырмын. Білесіздер, Қазақ руға бөлінбейді, қазақ рудан құралады. Жасыратыны жоқ, совет үкіметі кезінде ру туралы көп айтуға болмайтын. Есесіне СССР тарихын жатқа біліп, өзіміздің түбіріміз жөніне қалды. Тіпті ру сурағандарды ұлтшыл, трайбалист деп кінәлап, істері партия комитенің бюроларында қаралып, арты сөгіс алуға дейін баратын. Сондықтан да болар, аталарымыз көп айта да қоймады. Біздің заманымыз солай болды.
Алайда, Тәуелсіздіктің арқасында етек жеңімізді жиып, түбірімізді іздеп, айналамызды түгендей бастадық. Өйткені, мемлекет бар жерде ұлт бар, ал біз қазақпыз. Өзіміздің болмысымыз (менталитетіміз) бар. Өткендерді еске алған өскендіктің белгісі деген нақыл сөз бар. Сонымен қатар, қазақтың «тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» дегені де бар. «Жеті атасын білмеген жетесіз» дегенді де айтып кеткен атам қазақ. Кеңірек таратсақ, бір жағынан, ру арқылы тегінді, жеріңді білесің. Сонымен қатар, жақын ағайыныңмен той-томалақта бір дастарханның басында бас қосып, ақсақалдарымыздың бірлікке, ынтымаққа шақырған нақыл сөздерін тыңдағанға не жетсін. (Ал жаман айтпай жақсы жоқ дегендей, бір-біріне қиын-қыстау кезде көмекке ұмтылып, қолдап, қол ұшын беретін, қолтығыңнан демеп жіберетін де сол ағайын). Одан қалды, қан тазалығы сақталады, яғни, ағайынның балалары бір-бірін біліп жүрсін, тіпті бір-бірін ұнатып қалып, қыз алысуға баратын дейгейге жетіп, арты насырға шаппасын, тұқым бұзылмасын. Тек қазақ халқына ғана тән дүние қазіргі кезде жастар үшін үлкен өнеге. Сондықтан да артымда қалған ұрпағымыз руымызды да айтпай кетті деп кінәлап жүрмесін деген ой. Сонымен қатар, әр жағына бармай, өзіміздің Әуез руынан шыққан атақты тұлғаларды, мемлекет және қайраткерлерін де атап көрсетіп қойдым. Себебі, олармен мақтанып қана жүрмесін, соларға қарап балаларымыз бой түзесін, үлгі алсын деген мақсат. Мысалы, қазақ музыкасын кәсіби академиялық деңгейге жеткізген және тұңғыш лигвист профессоры бар Жұбановтардың есімі неге тұрады десеңші. Одан басқа ағайындар арасынан Батыс Қазақстан медицина университенінің профессоры, кафедра меңгерушісі Бірімов Демеуғали Жаңабайұлы. «ҚТЖ» ұлттық компаниясына қарасты «Теміржол су» АҚ бас директоры Қойшығұлов Түсіпбек Қуанышбекұлы, Ақтөбе облысының әкімі болған Ермек Имантаев ел басқарған азаматтар бар. Осы тізімнің ішінде Абдировтер, Құрманалиндер, Андагуловтар, Кусеповтер сынды азаматтар да бір төбе. Өзім де ірі совхозға басшы болдым, Ақтөбе қаласының әкімі, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқардым.
Тағы қоса кететіні: шешем Ханзила Сартайқызы руы Қожа, Мәтен қожаның бесінші ұрпағы. Екі інісі бар - Роллан мен Ғалымжан Ақтөбе каласында жауапты кызметте істейді.
Талма әжемісіздін інісі бар - Жоламанов Балихан бірінші Ақтөбе облысыннын маслихат хатшысынын кызметін аткарған.
Жұбайым Балжан руы Назар, Сәңкібайдын Құрмантайы. Ағасы Құлжан, Апа-cінілері: Шокен, Жекен, Күляш.