Жас сарбаздар әскери саптық көрсетілімі өтті
Қала мектептерінде жоғары сынып оқушыларынан құрылған "Жас сарбаз" патриоттық клубтары бар. Бүгін аталмыш клубтардың түлектері Қалалық мәдениет үйінің алаңына жиналды. Мақсат - әскери киімдерін киіп, саппен жүріп өту. "Әскердің негізі саптық дайындықтан басталады, осы арқылы мектеп оқушыларына патриоттық тәлім-тәрбие беріп, олардың әскерге деген қызығушылығын ояту мақсатымыз", - дейді ұйымдастырушылар.Әскери-саптық көрсетілім әскери оркестрлердің шеруімен басталды. Одан кейін командир шығып, өз миссиясымен бұйрық берді. Әнұран шырқалып, мемлекеттік туымыз салтанатты түрде шығарылды. Шараның салтанатты ашылу сөзі облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Арыстанбек Төлеуовке берілді. Арыстанбек Жұмабайұлы жастарға Отан алдындағы борышын өтеудің маңыздылығын ескертіп, келе жатқан мерекемен құттықтады. Әскери мерекелік шарада қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті. Патриоттық әндер шырқалып, әскери бөлім оркестрінің дефилесі өтті. Әскери саптық көрсетілім оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған "Ел қорғаны" әнімен аяқталды.
Количество показов: 128
Дата создания: 05.05.2024 05:33:21